“Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі “NADLoC” акционерлік қоғамы индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды

“Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі “NADLoC” акционерлік қоғамы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және заңнамалық тәртіпте бекітілген Қазақстан Республикасы территориясында қолдануға рұқсат етілген және техникалық бақылау жүйесінің мемлекеттік тізіміне енгізілген көпшіліккте танылған халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдерін қабылдауды бастағаны туралы жариялайды, оның ішінде:
1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты консультациялық қызметтерге;
2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін және сертификаттау сынақтарын жүргізуге;
3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты персонал біліктілігін арттыруға жұмсалған шығындар бойынша жүргізіледі.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысымен бекітілген «Индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай – Ереже) сәйкес, хабарландыру алғашқы жариалау мерзімінен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізімі:
Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:
1) жеке тұлға: кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
2) заңды тұлға – индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі.
3) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын берілмеуі тиіс;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілері) көшірмелері;
5) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
6) өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
7) ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері («CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат);
8) құжаттар тізімдемесі;
9) сертификаттау қызметтеріне ақы төлеу үшін валютаны сертификаттау және айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері.

Өтінімдерді қабылдау орны: Астана қ., Туран даңғылы, 18, «Тұран 18» бизнес орталығы, «Б» блогы, 408 – кабинет.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2015 жылдың 30 сәуірі.
Қажетті ақпараттарды 799 524 телефон арқылы және алуға болады.