2016 жылы 82 отандық өндірушілердің өтеуге арналған өтінімдері бекітілді

IMG_9651ҚР ИДМ Бірінші вице-министрі А.П. Раудың төрағалық етуімен ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындар бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2016 жылға қорытындылары шығарылды.

Өтеуді алған компаниялар тізімі ҚР ИДМ және «NADLoC» АҚ сайтында жарияланатын болады.

2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген соманың жалпы көлемі 120 000 000 теңге құрады.

Өтінімді қабылдау а.ж. 25 наурызынан бастап 30 маусымына дейін «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ жүргізді.

Ағымдағы жылы 82 отандық өндірушілердің өтеуге арналған өтінімдері бекітілді. Барлығы осы жылы 132 отандық өндірушілер өтеуге өтінімдер ұсынды. Қалған өндірушілерге келесі қаржы жылына бөлінген қаржылардан өтеу ұсыну жоспарлануда.

Өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде болғаны құжатпен расталған кезде өтеу ұсынылатынын атап өту қажет.

Мұндай қолдауды «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы IMG_9648заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес тауарларының сапасы расталған отандық өндірушілер ала алады.