Халықаралық сарапшы Астана қаласында

«NADLoC» АҚ ҚР Инвестиция және даму министрлігімен біріге отырып, БСҰ шарттары аясында ішкі өндіріс пен жергілікті қамтуды дамытуда халықаралық тәжірибемен алмасу және игеру мақсатында халықаралық сарапшы Доктор Хорхе А.Хуерта-Голдман тартылды. Ағымдағы жылдың 19-23 қыркүйек аралығында мемлекеттік органдармен, даму институттармен, ұлттық компаниялармен және қауымдастықтармен жергілікті қамтуды дамытудың балама шараларын жасау бойынша бірнеше кездесулер өткізілді.