ҚР ИДМ «NADLoC» АҚ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсын жариялайды

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсын жариялайды!

Бейнеконкурстың негізгі мақсаты – отандық өнімді таңдау жолы арқылы еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосуға халықты ынталандыру.

Жүлде қоры:

Facebook желісінде – бейнеролик жеңімпазына 200 000 теңге

Instagram желісінде – бейнеролик жеңімпазына 200 000 теңге

Бейнеконкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсына оқушылар, студенттер, әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері, вайнерлер, блогерлер және өз бейне жобаларын ұсынуға дайын, барлық үміткерлер қатыса алады.

​ Бейнеконкурсқа қатысу үшін қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде ұзақтығы 1 минуттан және Facebook әлеуметтік желісінде ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез-келген сала мен тақырыптағы жоба туралы бейнеролик түсірулері қажет.

​ Бейнероликте «Қазақстанда жасалған» логотипін пайдаланғандарыңыз жөн.

kz-made

​ Міндетті түрде #выбираюказахстанское, #25ЛЕТНЕЗАВИСИМОСТИ және #NADLоC хэштегін пайдалану.

Маңызды:

​ Instagram әлеуметтік желісінде бейнероликті орналастыру үшін madeinkazz парақшасына жазылу қажет.

​ Facebook әлеуметтік желісінде бейнероликті орналастыру үшін «Выбираю Казахстанское» тобына тіркелу қажет.

​ «Қазақстандық өнімді таңдаймын» конкурсына арналған дайын бейнероликті Instagram әлеуметтік желісіндегі madeinkazz парақшасына немесе Facebook желісіндегі «Выбираю Казахстанское» тобына жіберу қажет. Талаптарға сәйкес келетін бейнероликтерді топ үйлестірушісі әлеуметтік желіде жариялайды.

​ Егер бейнеролик жоғарыда конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, топ үйлестірушісі бейнероликті орналастырмауға құқылы.

Конкурс мерзімі:

​ Конкурс 2016 жылдың 10 қазанынан бастап 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау ағымдағы жылдың 8-желтоқсанына жоспарланған.

Сздің бейнеролигіңіз:

​ Қазақстандық тауар өндірушіні қолдау маңыздылығы туралы сюжеттің мазмұнын, идеясын толық ашу;

Тыйым салынады:

​ Жарнамаланатын тауарларды басқа компаниялардың тауаларымен салыстыру, сондай-ақ, олардың ар-намысы, қадір-қасиетіне және абыройына жала жабу.

​ Балағаттауды пайдалану.

​ Қылмыстық сегменттерді қолдану.

​ Ішімдік және темекі өнімдерін пайдалану.

Комиссия құрамы:

1.Берік Уәли – ҚР Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі

2.Олжас Құдайбергенов – «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

3. Арсен Бектасов – ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз-хатшысы

4. Дархан Қыдырәлі – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы

5.Айнұр Коскина – «Total.kz» ақпараттық порталының журналисі

6.Салтанат Әбдірова – «Қазақстанда жасалған» тележобасының режиссері

7.Дәулетхан Жиенқұлов – «Baq.kz» ақпараттық портал редакторының орынбасары

8. Бибігүл Жексенбай – «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті

9. Қалқаман Сарин – Ақын, қоғам қайраткері

10. Есен Елеукен – «Жайдарман» Қазақстан КВН одағының президенті

11.Азамат Тілепов – Блогер, Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясының редакторы

12.Максим Рожин – Блогер, фотограф

«Выбираю Казахстанское» және «madeinkazz» топтарының үйлестірушісі «NADLoC» АҚ менеджері – Баубек Қасымов

Жұмыс қалай бағаланатын болады ?

​ Конкурстық жұмыстарды бағалаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, құрамына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, блогерлер, қоғам қайраткерлері кіретін комиссия құрылды. Facebook және Instagram желілеріне жүктелген барлық жұмыстар топ үйлестірушісінің мақұлдауынан өтеді. Іріктеудің бірінші кезеңінде комиссия мүшелері қойылған бағалардың (лайктардың) санын анықтайды, бұдан кейін комиссия қатысушылары ұсынылған жұмыстарды талдаудан өткізіп, жеңімпазды белгілейді.

Бейнеролик сапасы:

​ Анық сюжет

​ Камерамен жұмыс істей алуы (түсіру үшін кәсіби видеокамера, гаджеттер, смартфон қолдануға болады)

​ Таза дыбыс

​ Кадрдағы адамдардың тауарды ұсына алу қабілеті

Марапаттау орын:

​ «NADLoC» «Жергілікті Қамтуды Дамытудың Ұлттық Агенттігі» АҚ, Тұран БО, 18.Б.блогы, 4-қабат.

Сілтемелер:

Кез-келген мәселе бойынша мына тел: 8(7172)79 76 96, 8701 197 -49-23, 8701-553-10-10 немесе Instagram-дағы «Madeinkazz», Facebook желісіндегі «Выбираю Казахстанское» топтарына жаза аласыз.