Астана қаласында қазақстандық тауар өндірушілеріне арналған, ең үздік видеоролик авторларын марапаттады.

Астана қаласында қазақстандық тауар өндірушілеріне арналған, ең үздік видеоролик авторларын марапаттады.

Қазылар алқасының пікірінше, жұмыстары ең лайықты деп танылған екі бірдей конкурсант сыйлықақылар мен естелік дипломдарына ие болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласынан Әлия Қалиаждарова, ал екінші орынды Алматылық Сергей Панихин алды.

Марапаттау барысында конкрустың басқа да қатысушылары MIMIORIKI, «Tea House» ЖШС, «Eurasian Foods Corporation» АҚ, “Бал-балаЖШС, «Султан Маркетинг» компаниясы сияқты отандық компаниялардан ынталандыру сыйлықтарына лайық болды:

  1. Арынғазы Әділбек Семей қ.;

  2. Бабанов Рахман, Ақтөбе қ.;

  3. Сагит Элеонора, Палодар қ.;

  4. Қасымова Зере, Астана қ.;

  5. Гаврилов Павел, Атырау қ.;

  6. Қалимолдаев Данияр, Астана қ.;

  7. Панихин Сергей, г. Алматы.;

  8. Ажмадин Асылбек, Алматы қ.

  9. Толкунов Мирхат, Талдыкорган қ;

  10. Жумашев Дархан, Астана қ;

  11. Қалиаждарова Әлия, Алматы қ.

Сонымен қатар, «Қазақстандықты таңдаймын» конкурсының қатысушыларына, Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбековтың атынан алғыс хаттар табысталды.

«NADLoC» АҚ-ның Жергілікті қамтудың идеологиясын дамыту жөніндегі орталықтың директоры Е.Чикенов айтып өткендей, мұндай конкурстар өскелең ұрпақ арасында отандық өнімді дәріптеу үшін қажет.

«Қатысушылардың арасында 80% – 16-30 жас аралығындағы жастар болғаны өте қуантады. Сондай-ақ осы конкурсқа толық отбасылармен қатысқандары қуантарлық жағдай, ата-аналары тіпті кішкентай балаларын жұмылдырды. Бір сөзбен айтқанда конкурсқа әртүрлі ұлт өкілдері, кәсіптер мен жас аралықтары қатысты, бірігіп біздің отандық өндірушілерге қолдау көрсетті. Осылайша, еліміздің экономикасын дамытуға қомақты үлестерін қосты», – деп Елдос Чикенов қоса айтты.

Естеріңізге салайық, ҚР ИДМ «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі «NADLoC» 10 қазанда Қазақстан Республикасының 25 – жылдығына орай «Қазақстандықты таңдаймын» республикалық видео конкурсын іске қосты. Республиканың барлық өңірлерінен отандық тауарлар туралы 48 видеороликтер келіп түсті.

Барлық келіп түскен жұмыстар әлеуметтік желілерде: фейсбук және инстаграммда жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, режиссерлер мен қоғамдық қызметкерлерден тұратын іріктеу комиссия барлық конкурстық жұмыстарды қарастырып, ең үздік дегендерін таңдап алды.