Мемлекеттік қолдау

Халықаралық сертификаттарды алу кезінде жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы»
№ 922 қаулысына және Заңның 24 бабы 3 тармағына сәйкес қазақстандық компаниялардың шығындар бөлігін өтеу белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат берілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімен енген жалпылай мойындалған халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM және т.б.) сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау кезінде жұмсалған шығындар бойынша, оның ішінде:

  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттаумен байланысты консультациялық қызметтерге;
  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесіне сертификаттау аудитын өткізуге және сертификаттық сынақтар өткізуге;
  • персонал біліктілігін арттыруға.

Отандық өндірушіге өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындары өтеледі. (www.ks.gov.kz).

Жергілікті қамту бойынша сараптама
Агенттік «Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1038 қаулысына және Заңның 10 бабына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардағы жергілікті қамту бойынша сараптама өткізеді. Индустриалды картаға енген барлық жобалар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді міндетті пайдаланумен іске асырылатын болады, бұл қазақстандық өнімдерді өткізу нарығын кеңейтеді.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры
«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 636 қаулысын іске асыру мақсатында Агенттік Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын (бұдан әрі – Дерекқор) әзірледі. Мемлекеттік қолдау құралдарының бірі жекелеген тауарларды сатып алуды Тауарлардың дерекқорында тіркелген отандық өндірушілер арасында ғана өткізу міндеті болып табылады. Бұл норма Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы №1353 “Отандық әлеуетті жеткізушілердің дәрежесін мемлекеттік қолдау шараларын анықтау туралы” қаулысымен көзделген.

Дерекқор арқылы жұмыс жасайтын мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады:

  • (ИСО, API, ASME және т.б.) әлемдік стандартқа сай сапа менеджментінің жүйесін кіргізуде отандық өндірушілердің шығындарының бөлігін өтеу;
  • ұлттық компанияларға кепілдендірілген тапсырысты ұсыну.

Республикалық индустриалды картаның жобаларын жергілікті қамту бойынша сараптаманы іске асыру кезінде осы Дерекқорда орналастырылған қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпараттар пайдаланылады.
Дерекқор «Қазақстандық қамту» Интернет-порталында орналастырылған (www.ks.gov.kz).