2014 ж. 28 қарашада Манчестер қ. VIII Қазақстан-Британ Форумы өтеді

VIII Қазақстан-Британ Форумын Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі, Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі департаменті (UKTI) «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-мен бірлесе отырып өткізіп отыр.

Бірлескен кәсіпорындар құру мақсатымен тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, жобалау, медицина, мұнай газ саласына арналған жабдықтар мен техниканың өндірісі саласындағы 70 британдық компаниялар қазақстандық бизнес орталармен ынтымақтастық жасауға қызығушылықтарын білдіріп отыр. (Британдық компаниялар тізімімен осы жерде таныса аласыздар).

Форумға қатысу үшін өзінің өндірісін кеңейтуді, өзара тиімді ынтымақтастықты белсендетуді, тәжірибені талдап қорытуды, жаңа іскерлік байланыстар орнатуды, Қазақстан және Ұлыбритания арасында серіктестік байланыстарды нығайтуды жоспарлап отырған компаниялар шақырылады.

Егер сіз форумға қатысқыңыз келсе, қатысушының сауалнамасын толтыруыңызды немесе мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 79-95-12, 79-95-26 E-mail: zhukenova@nadloc.kz.