Неғұрлым сұранысқа ие тауарлар тізімі

Біздің мемлекетіміздің дамуында басымды болып табылатын өңдеуші, индустриалды секторды қалыптастыру шеңберінде «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ Қазақстан Республикасында неғұрлым көп сұранысқа ие тауарлар тізбесін өзектілендіруді жүргізді (бұдан әрі – Тізбе).

Тізбе сыртқы сауда айналымы бойынша әзірленген әдістемені және кедендік статистиканың деректерін ескере отырып қалыптастырылды және соңғы бес жылда ақшалай және сандық мағынадағы импортты/экспортты талдауды, өнімнің әлеуетті тұтынушыларын, отандық кәсіпорындарда өнімдерді игеру бойынша ұсыныстарды, шетелдік серіктестерді тарту бойынша ұсыныстарды және 2015-2019 жж. арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасына сәйкес басымдылықты қамтиды.

Тізбе өнеркәсіптің 6 саласынан тұрады:

  • Химиялық өнеркәсіп өнімдері — қатты түрдегі натрий гидроксиді (каустик содасы), натрий цианидтері және цианид оксиді, оқ дәріден басқа дайын жарылғыш заттар, диазолдар немесе триазолдар негізінде фунгицидтер және т.б.
  • Ағаш өңдеу өнеркәсібі — теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар, сіңдірілмеген, есіктер және оның жақтаулары, және босағалар, қылқан тұқымды ағаштан.
  • Құрылыс өнеркәсібі өнімі — мрамор, травертин және алебастр, армирленген жернова, қайрақ тастар, ажарлауыш шарықтар және жасанды біріктірілген абразивтерден жасалған ұқсас бұйымдар, асбоцементтен, целлюлоза талшықтарымен цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар.
  • Металлургиялық өнеркәсіп өнімдері — темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс прокат, швеллерлер, двутаврлар, бұрыштар, көлденең қималы фасонды және арнайы профильдер, кең табанды рельстер және т.б.
  • Машинажасау өнімдері— орталықтан тебетін көп сатылы сорғылар, мұнай өнеркәсібінде пайдалануға арналған станок тербелмелер, бульдозерлер, бір ожаулы фронталды жүк тиегіштер, жер асты жұмыстарына арнайы әзірленген, орталық жетекті нақты себетін сепкіштер, бетон араластырғыштар және ерітіндіні араластырғыштар және т.б.
  • Әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар — қара темірлерден жасалған құрама құрылыс конструкциялары: жылыжайлар, жатын бөлме секілді ағаш жиһаз және т.б.

Осы Тізбе аясында әзірленген ұсыныстарды қолдану елдің өңдеуші индустриалды секторын нығайтуға, жаңа өндірістерді игеруге және қолданыстағы өндірістерді жетілдіруге инвестицияларды тартуға жәрдемдесе алады, сондай-ақ ішкі нарықта ұстанымдарды бекітуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік беретін отандық өндірушілерді қолдау болып табылады.

150 тізбе (Таныстыру) ИЖТМ арналған қорытынды