«Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» науқаны

2015 ж. 11 ақпан күні Мемлекет басшысы «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынды.

Акция, ең алдымен қазақстандық өндірушілерді қолдауға, елімізде шығарылатын тауарлар туралы ақпараттың халыққа кең тарауын қолдауға бағытталған. Бұл бастамаға тек мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен жастар қозғалысы да қолдау көрсетті. Нәтижесі көп күттірген жоқ, бүкіл республика бойынша акция кең қолдау тапты және қызығушылық тудырды. Әрбір қазақстандық өз еліне көмек көрсетуде өзіндік рөлін сезіне бастады.

Іс-шараны жүзеге асыру бойынша үйлестіру жұмыстарын «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ) жүргізеді. Бұл салада Агенттік маңызды жетістіктерге қол жеткізді. «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» Бірыңғай логотипі әзірленді және іске қосылды. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен бірыңғай символ бүкіл республика бойынша 18 мың сауда нүктелерінде таралған. Дүкендерден басқа, эмблема көрмелерде, жергілікті өндірушілердің жәрмеңкелерінде қолданылады, бұл тұтынушы үшін қосымша ынта болып табылады. Қазақстанда өндірілетін барлық өнімдерге логотипті түсіру бойынша жұмыстар басталды.

Бірыңғай логотип, ең алдымен, жайғастырудың әмбебап құралы болып табылады, сондықтан оның отандық тауарларда пайда болуы оның елімізде және шет елдерде танымалдық деңгейін айтарлықтай арттырады.

Құрметті сайт қолданушылары, егер сіз:

 

  • Қазақстанда өндірілген өнімді шығаратын және сататын болсаңыз;
  • Тауарыңыздың танымалдығын артқыңыз келсе;
  • «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясын қолдасаңыз;
  • «Қазақстанда жасалған» Бірыңғай логотипін өзіңіздің өніміңізге түсіргіңіз келсе;
  • Өз өніміңізді көрмелерде, отандық өндірушілердің форумдарында баннерлерде, базарлықты-имиджді өнімдерге жайғастырғыңыз келсе.

 

Осы жерде сіз Бірыңғай логотиптің және оны қолдану нұсқаулығының электрондық нұсқасын жүктей аласыздар.