Сертификаттау кезінде жұмсалған шығындарды өтеу

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» акционерлік қоғамы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және заңнамалық тәртіпте бекітілген Қазақстан Республикасы территориясында қолдануға рұқсат етілген және техникалық бақылау жүйесінің мемлекеттік тізіміне енгізілген көпшілікке танылған халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шыққан шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдерді қабылдау процедурасын жүргізеді, оның ішінде:

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және сапа менеджменті.
  2. Тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге және сапа менеджменті жүйелеріне сертификациялық аудит және сертификациялық сынақ жүргізуге.
  3. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты персонал біліктілігін жоғарылатуға.

Шығындарды өтеу мөлшері сомадан 50% құрайды, бірақ 3000 АЕК аспайды.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі- Қағидалар) № 922 қаулысына сәйкес, хабарландыруды алғашқы жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Қажетті құжаттардың тізімі:

Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:

  1. жеке тұлғалар үшін:
    • кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
    • жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
  2. заңды тұлғалар үшін:
    • индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
  3. салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын 45 (қырық бес) күннен ерте берілмеуі тиіс;
  4. отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа өткізу фактісін растайтын құжаттардың индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері (жеткізу шарттары, шот-фактуралар, көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру туралы актілер, көлік жүкқұжаттары, қаражаттың түскені туралы банк анықтамасы);
  5. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
  6. өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
  7. ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері («CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат);
  8. құжаттар тізімдемесі.