Местное содержание в ТРУ

2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу субъектілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың, концессионерлердің, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы жергілікті қамту мониторингіне жататын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №366 қаулысымен бекітілген тізбе бойынша ұйымдардың, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұлттық басқарушы холдинг субъектілерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 9 364,9 млрд. теңге құрады, оның ішінде отандық жеткізушілерден– 5 917,3 млрд. теңге. Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жерігілікті қамту үлесі 63,2 % құрады.

Бұл ретте:

  • тауарлар 3 405,8 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде қазақстандық тауарларды 1 502,2 млрд. теңгеге сатып алынды, қазақстандық тауарлар үлесі 44,1 % құрады;
  • жұмыстар мен қызметтер 5 959 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде қазақстандық өнім берушілерден 4 415,1 млрд. теңге сомасына, қазақсандық жұмыстар үлесі – 74,1 %;

2013 жылға 2012 жылмен салыстырғанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 290,0 млрд. теңгеге азайды (2012 жылға – 8 706 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 5,5%-ға артты.

Бұл ретте:

  • тауарларды сатып алу бойынша азаю 244,9 млрд. теңгеге (2012 жылға 3 410,7 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 9%-ға артты.
  • Орындалған жұмыстар бойынша азаю 106,3 млрд. теңгеге (2012 жылға – 2 473,9 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 2,9%-ға артты.
  • Көрсетілген қызметтер бойынша арту 61,2 млрд. теңгеге (2012 жылға – 2 821,4 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 1,4%-ға артты.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылдың қорытындысымен салыстырғанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 941,6 млрд. теңгеге артты (2013 год – 8 416 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 0,1 %-ға артты.

Бұл ретте:

  • тауарлар бойынша арту 240,1 млрд. теңгеге (2013 жылға – 3 165,8 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 0,07 %-ға артты.
  • орындалған жұмыстар бойынша арту 536,5 млрд. теңге (2013 жылға – 2 367,6 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 3,9 %-ға артты.
  • көрсетілген қызметтер бойынша арту 165 млрд. теңгеге (2013 жылға – 2 882,6 млрд. теңге), жергілікті қамту үлесі 3,3 %-ға азайды.

Диаграмма 1

2012-2013 жж. бақылай себъектілерінің ТЖҚ-дағы жергілікті қамту динамикасы

1diagramma

Диаграмма 2

2014 жылдың қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуының жалпы көлемінің үлесі

diagramma-2

Таблица 1

2014 жылдың қорытындысы бойынша мониторинг субъектілерінің жиынтық кесте