Компания туралы

Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» NADLoC АҚ
«Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына сәйкес Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық институтпен айқындалды.

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» NADLoC АҚ
қызметінің басымдықтары

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға қажетті сатып алуды іске асырудағы ашықтық басымдығын жүзеге асыру. Мұнайгаз саласы және тау-кен кешені, жер қойнауын пайдаланушылар үшін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілеріне ақпараттық қолдау көрсету.
Офсетті ынтымақтастықты іске асыруда қазақстандық кәсіпорындарға озық технологияларды тарта отырып, жаңа өндірістер құруға жәрдемдесу.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинақтау және өңдеу.

Электронды сатып алуды өткізуге мүмкіндік беретін «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдалынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы жергілікті қамтудың үлесі және құрылымы туралы ақпаратты ұсыну.

Жергілікті қамту мәселесіне қатысты әдістемелік құжаттарды, нормативті және заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу.

Қазақстандық кәсіпорындарға жаңа өндірістер құруға, офсетті ынтымақтастықты іске асыруға жәрдемдесу – Қазақстан аумағында шетелде өндірілген қымбат және жоғары технологиялық жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, озық технологияларды тартуды ұйымдастыру.

Жер қойнауын пайдаланушылар және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілеріне арналған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдалынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өндірушілерінің
тізілімі» ақпапраттық жүйесінде Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесін түсіндіру бойынша оқыту семинарларын өткізу.

«Қазақстандық қамту» Интернет-Порталының қызмет жасауын қамтамасыз ету. Портал қазақстандық өндірушілерге олардың өніміне сұраныс тарулы ақпаратты ұсынады. Сұраныс мемлекеттік сатып алу субъектілерінің, ұлттық компанияларының және холдингтердің, жер
қойнауын пайдаланушылардың және жүйе құраушы кәсіпорындардың қажеттіліктерінен қалыптастырылды.

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» NADLoC АҚ міндеттері

    • тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардыңжеткізушілерінің дерекқорын қалыптастыру және қызмет жасауын қамтамасыз ету
    • жергілікті қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету
    • тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерін ішкі нарықта мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін талдау
    • жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу
    • Қазақстан Республикасы аумағында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу конкурстарына отандық өндірушілерді тарту және белгіленген заңнамалық тәртіпте олардың мүддделін қорғауды қамтамасыз ету
    • озық технологияларды тарта отырып, жаңа өндірістер құруда қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету
    • Қазақстан Республикасы аумағында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу конкурстарына отандық өндірушілерді тарту және белгіленген заңнамалық тәртіпте олардың мүддделін қорғауды

қамтамасыз ету туралы ақпаратты жинақтау және өңдеу

  • орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ басқа тұлғаларға ақпараттық- талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету
  • ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарлады, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін талдау
  • жергілікті қамтуды дамыту саласында талмалық зерттеулер жүргізу
  • жергілікті қамту мәселелері бойынша конференциялар, бизнес-форумдар, таныстырулар, семинарлар, көрмелер және көрмелік іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

 

Біздің мекенжайымыз

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі» NADLoC АҚ
Қазақстан Республикасы: 010000, Астана қ., Тұран даңғылы, 18, «Тұран 18» бизнес-орталығы, «Б» блогы, 4-қабат.

Біздің байланыстар

Е-мail: info@nadloc.kz
Тел/факс: + 7 (7172) 79-95-15 (қабылдау бөлмесі)
+ 7 (7172) 79-95-12, Е-mail: ulzhekova@nadloc.kz (баспасөз-қызмет).